$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Отандық өндіріс орындарын дамыту қажет - Д.Еспаева

AstanaTV
24.05.2019ж. 20:00
2449
Отандық өндіріс орындарын дамыту қажет - Д.Еспаева

Ал, президенттікке үміткер Дәния Еспаева үгіт-насихатты Көкшетауда жалғастырды. Кандидат Ақмола облысындағы ауылшаруашылығы техникасын шығаратын зауытта болды. Кәсіпорын былтыр 3,5 млрд теңгеге 1 мыңға жуық техника шығарған. Ал биыл мұны 1500-ге арттырып, түсетін табысты 2 есеге көбейтпек. Зауыт алдағы уақытта 50 түрлі техника құрастыруды жоспарлап отыр. Дәния Еспаева жұмысшылармен кездесіп, өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Кездесуде дәл осындай отандық өндіріс ошағына қолдайтынын жеткізді. 

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Техниканы фермерлер бір жағынан лизингпен алады. Бір жағынан бағасы төмен екініші жағынан лизингке алады. 25 пайыз төленген ақшасын үкімет қайтып береді. Меніңше бұл өте жақсы бағдарлама. Менің өзімнің де бағдарламамда Қазақстанда шығарылатын пройзводстволарға төмендету деген. Мұны басқа заводтарға да пайдалану керек.

А. Бектас