Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Ж. Ахметбеков Шымкенттегі жіп иіру және ширату фабрикасының ұжымымен кездесті

AstanaTV
24.05.2019ж. 20:00
2389
Ж. Ахметбеков Шымкенттегі жіп иіру және ширату фабрикасының ұжымымен кездесті

Шикізат өңдейтін зауыт-фабрикалар санын арттыру керек. Шымкент қаласындағы жіп иіру және ширату фабрикасының ұжымымен кездескен кандидат Жамбыл Аxметбеков осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту арқылы ел экономикасын жаңа деңгейге көтеріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға болады. Айта кетейік, бұл фабрикада 400-ге жуық адам еңбек етеді. «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының базасында орналасқан кәсіпорын былтыр 3,5 млн тонна өнім шығарған. Оның 90% экспортталды. Фабрикада дайындалатын иірімжіптер Қытай, Түркия, Беларусь елдерінде сұранысқа ие. 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Осы фабриканың өніміне бейімделіп шығарылған жеңіл өнеркәсіптік фабрикаларды Қазақстанда көптеп тұрғызса, сонда біздің тауарларымыздың барлығы шетелге кетпей өзімізде өндіріліп, Қазақстанда жасалған деген тауарлармен біз шетелдік нарықтың бәрін қамтамасыз етуші едік.

Д. Қайыртай