Күні кеше метан газына уланып қаза тапқан 4 жұмысшының отбасына 1 миллион теңгеден материалдық көмек беріледі. «Астана су арнасы» коммуналдық мекемесі директорының орынбасары Абылай Елжасов осылай деп мәлімдеді. Айтуынша компания қара жамылған отбасы мүшелеріне жан-жақты көмек көрсетуге дайын. Тіпті жұмыспен қамтуға да ниет білдіріп отыр.
Абылай ЕЛЖАСОВ, «АСТАНА СУ АРНАСЫ» МКМ БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Кешеден бері біз қолымыздан келгенше көмек беріп жатырмыз. Бүгін отбасыларына барып 1 миллион теңгеден табыстадық. Марқұмдарды жерлеу, жетісі мен қырқын мекеме өз есебінен өткізеді. Қаза тапқандардың туғандарына қазір қиын екенін түсінеміз, біраз уақыт өткен соң оларды кездесуге шақырып, қандай көмек керегін анықтайтын боламыз.
Қаза тапқандардың арасында 51 жасар Амангелді Жаркеев те бар. Оның артында 5 баласы мен жары қалды. Кенжесі биыл 1 сыныпты тәмәмдайды. Марқұмның туыстары оның ер жүрек болғанын айтады.
Қуанышбек АҚЫЛБАЕВ, А. ЖАРКЕЕВТІҢ ТУЫСЫ:
Газды иіскегенде анау бір жас жігіттің басы айналған басы айналғанда ол шұңқырға түсіп кеткен. енді соны аламыз деп бір адам түседі сосын тағы бір адам түседі. сосын 4-ші мына біздің балдыз түседі. Бір жас жігіт бара жатқан екен жас жігітке айтыпты сен тұра тұр сен жас жігітсің ғой мен барайын деп. Деп кетті 51-де.
Н. Біләл