Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы Қызылордада

AstanaTV
24.05.2019ж. 20:00
3289
Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық штабы Қызылордада

Ауылшаруашылығында қаржылай қолдау бағдарламасын көбейтіп, ашық субсидиялауға көшу қажет. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев шаруаларға көмек беруге ниетті. Бұл бастамалар оның сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген. Бүгін үміткердің қоғамдық штабы Қызылордада үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, күріш өңдеу зауытында болды. Кәсіпорын осыдан 6 жыл бұрын мемлекеттен қаражат алып, іс бастаған. Қазір өнімдерін алыс-жақын шетелдерге экспорттап жатыр. Партия өкілдері бұдан бөлек, теміржолшылармен де жүздесті. Кандидаттың халықтың әлеуетін арттыруға бағытталған бастамаларымен таныстырды. Ал, сала мамандары өрлеу үшін таңдау жасайтындарын жеткізді. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өрлеу дегеніміз барлық апатты мектептерді жауып, біздің балаларымыз дұрыс мектеппен қамтамасыз ету деген сөз. Өрлеу дегеніміз ауылда тұратын, қалада тұратын адамдардың медицинаға қолжетімділігін қамтамасыз ету деген сөз.Өрлеу дегеніміз біздің мектептерде балаларымыз жақсы білім алып, кез-келген әлемнің университетіне түсуге мүмкіндігі, әлеуеті болу керек деген сөз. 

А. Бектас