$494.87 €520.65 ₽4.91
×

С.Байғабыловқа қатысты тәртіптік іс қозғалды

AstanaTV
27.05.2019ж. 20:00
2861
С.Байғабыловқа қатысты тәртіптік іс қозғалды

Астаналық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабыловқа қатысты тәртіптік іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Әдеп жөніндегі кеңесі Денсаулық сақтау министрлігіне шенеунікке ескерту жасауды жүктеді. Ол мемлекеттік қызметкердің этикалық кодексін бұзды деп айыпталады. Агенттікке өтініш "Happy Cake" кондитерлік цехының директорынан түскен. Естеріңізге сала кетсек, былтыр желтоқсанда Сәдуақас Байғабылов журналистерге рұқсатсыз жұмыс істейтін бірнеше кондитерлік цехтар жайлы баяндап, «Happy Cake-ті» мысалға келтірген. 

Ернар МАХАНОВ, ҚР МҚІСЖҚА НҰР-СҰЛТАН Қ. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ:

БАҚ алдында брифинг өткізуі барысында осы "Happy Cake» ЖОО тиісті рұқсат қағазсыз жұмыс істеуде деген ақпарат берген. Бұл әрекет айтып өткен әдеп жөніндегі кодекстің талаптарына сәйкес емес.  

Ал еліміздің бас санитары әзірге мекемеден қандай да бір хат келмегенін айтады. 

Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Садуақас Байғабыловқа қатысты бізге Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен ешқандай ресми құжаттар келмеді.  

Ә. Өмірзақ