Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордалықтар саны 2,5 миллионға жетуі мүмкін

AstanaTV
27.05.2019ж. 20:00
2381
Елордалықтар саны 2,5 миллионға жетуі мүмкін

2050 жылы Нұр-Сұлтандықтар саны 2,5 миллионға жетуі мүмкін. Ал республика бойынша халық саны 25 миллионға жуықтайды. Арнайы сараптама жасаған «Зерттеу және консалтинг орталығы» осылай деп мәлімдеді. Мамандар демографиялық өсімге әсер ететін бірнеше факторды атады. Соның бірі қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 84 жасқа дейін жетеді. Қазір ол 73 жасты құрайды. Сондай-ақ шетелден келетін мигранттар саны көбейеді деген болжам бар. Ал бала туу көрсеткіші керісінше екі есеге дейін төмендейді. Өйткені әйелдер отбасын құрудан бас тарып, қызметте өсуге көбірек бет бұрады,- дейді.

Александр ГРУЗЕНКИН, «STRATEGY PARTNERS» КЕҢЕСШІСІ:

Зерттеу өзегі ретінде астананың климатына, ауданына, халық санына ұқсас дамыған өзге қалаларды алдық. Сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды да ескердік. Бұл көрсеткіш қауіп-қатерлерді есептемегендегі жоғары оптимистік көрсеткішпен беріліп отыр.  

Ә.Өмірзақ