Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Баспана мәселесін шешу үшін несие ставкаларын төмендету қажет

AstanaTV
27.05.2019ж. 20:00
2717
Баспана мәселесін шешу үшін несие ставкаларын төмендету қажет

Баспана мәселесін шешу үшін несие ставкаларын төмендету қажет. Президенттікке үміткер Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды платформасының негізгі ұстанымы осы. Бұл туралы Тараз қаласына келген «Халық Коммунистері» фракциясының депутаты Ирина Смирнова мәлімдеді. Сондай-ақ ол жастармен әңгімелесіп, проблемаларын біліп, кері байланыс орнату өте маңызды, деді. «Адал еңбек халық мүддесі үшін!». Ал қазіргі қоғамға сол адалдық жетіспейді, түрлі деңгейдегі жемқорлық әлі де белең алып тұр. Кейінгі буынды бұл дерттен қорғау үшін пара алмайтындай жағдай жасау керек»,- дейді тараздық жастармен кездескен депутат.

Ирина СМИРНОВА, "ХАЛЫҚ КОММУНИСТЕРІ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: 

Жастар біздің болашағымыз. Сондықтан біз оларды не толғандырады, нені қалайды және қай бағытта дамығысы келетінін білуіміз керек. Себебі, еліміздің әрбір азаматы жақсы өмір сүруге лайықты. Әр адамның сапалы білім алуға, шетелде демалуға, өсуге мүмкіндігі болса, ол ел мүддесі үшін аянбай еңбек етеді. Ал бұл, өз кезегінде, қоғамның өркендеуінің кепілі. 

Н. Біләл