Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Өзіміздің шаруаларды қолдау қажет - Т.Рақымбеков

AstanaTV
27.05.2019ж. 20:00
2829
Өзіміздің шаруаларды қолдау қажет - Т.Рақымбеков

Ал, Президентікке үміткер Төлеутай Рақымбеков Батыс Қазақстан облысына барып, жергілікті шаруа қожалықтарын аралады. Кандидат ат басын бұрған Теректі ауданына қарасты «Ахас» шаруа қожалығында 1400-ден аса ақбас сиыр бар. Бұл жергілікті климатқа әбден бейімделген өзіміздің тұқым. Ірі қаралардың орташа салмағы 550 келі тартады. Ешқандай химия қолданылмайды. Сондықтан шеттен қыруар қаржыға мал тасығанша, өзіміздің шаруаларды қолдау керек,- дейді кандидат. Қазір елімізде 7 миллионнан аса адам осындай ауылдық жерлерде тұрып жатыр. Сондықтан, олардың мәселесіне бей-жай қарауға болмайды. Осы бағытты қолдау арқылы ел экономикасын ілгерілету керек,- дейді үміткер. 

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:  

Ол - жол мәселесі, ол – ауыз су мәселесі, ол - электр қуаты мәселесі. Ол – ауылдардағы мектеп пен ауруханалар мәселесі. Енді жергілікті тұрғындар Қазақстанның ауыл шаруашылығы дамитынына сенімді. Ауыл гүленетін болса, жалпы Қазақстан гүлденеді. 

Н. Біләл