Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбелік полицейлер «жынды қуамын» деп науқасты сабаған емшіні жазалады

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
2595
Ақтөбелік полицейлер «жынды қуамын» деп науқасты сабаған емшіні жазалады

Ақтөбелік полицейлер «жынды қуамын» деп науқасты сабаған емшіні жазалады. Оған бес айлық көрсеткіш көлемінде айыппұл салыпты. Бұл туралы полиция хабарлады. Олардың дерегінше жын қуалап жүрген емшісымақ деструктивті діни ағымды ұстанушы болып шыққан. Ол науқасты үйіне қамап, өлімше етіп сабаған. Онымен қоймай ұнтақ, жағымсыз иісі бар қоспаларды ішкізген көрінеді. Осындай қызметі үшін емші өзіне келетіндерден үш мың теңгеден он мыңға дейін ақы алып отырған. 

Ерболат САРҚҰЛОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Емделуші осы жағдайдан құтылғаннан кейін полиция қызметкерлеріне келіп арызданған. Нәтижесінде емшіге қатысты ҚР ӘК 424 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, ол азаматқа айыппұл салынды. 

Лизенциясыз адамдардан ақы алып, ем жүргізген емші он үш мың теңге көлемінде айыппұл төлеп құтылған. Дәрігерлер қауымы мұндай жалған емшілерге қатысты жазаны күшейту керек дегенді айтады. Өйткені көп ретте науқастар осындай бақсы-балгерді жағалап, ауруларын асқындырып алатын көрінеді. 

Татьяна ОСТРЕЦОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ОТБАСЫЛЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Емшінің адам денсаулығына залал келтіргені дәлелденсе, науқас арыздансын-арызданбасын емшіге жаза қолдануы керек деп мен есептеймін. Емшіні лицензиясынан айыру керек. Бірақ мұндай адамдарға лицензия берудің өзі дұрыс емес деп санаймын.

Б. Рахметова