Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Еңбекақы теңсіздігі түзелмей, елдің әл-ауқаты түзелмейді

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
2289
Еңбекақы теңсіздігі түзелмей, елдің әл-ауқаты түзелмейді

Еңбекақы теңсіздігі түзелмей, елдің әл-ауқаты түзелмейді. Сондықтан әрбір жұмысшының жүктемесіне қарай еңбегі лайықты төленуі тиіс. Ол үшін әр кәсіпорында кәсіподақтың салалық ұйымдары құрылуы қажет. Ол жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы қатынасты реттейді. Қазір кәсіпорындардың 42 пайызында ғана ұжымдық келісім бар. Осының кесірінен еңбекақыға қатысты дау азаймай тұр. Жұмысшы сотқа жүгінген жағдайда көбінде жеңіліс табады. Президенттікке үміткер Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Жамбыл облысындағы сайлаушылармен кездесуде осы еңбек шарты мен жалақыны реттеу мәселесін көтерді. Ал Тараз қалысындағы кездесуде еңбек адамының құқығы және жалақы төлеудің шарттарын түсіндірді. 

Біржан НҰРЫМБЕТОВ, ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мысалы, біздің бюджеттік салада базалық қызметттік еңбекақы деген түсінік бар. Ол 17 мыңнан астам теңге. Бірақ сол 7-8 жылдан бері өзгермей келе жатыр.Біз сол базалық қызмпеттік еңбекақыны бюджеттік салада сол жаңағы төменгі жалақының мөлшерімен алмастырсақ, бізде 1,5 миллионна астам халық үлкен жалақыға ие болады. 

Н. Біләл