Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Шаруалардың айлығы мұғалім мен дәрігерлердікінен де төмен - Т.Рақымбеков

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
1798
Шаруалардың айлығы мұғалім мен дәрігерлердікінен де төмен - Т.Рақымбеков

Ауыл шаруашылығы саласының мамандары ең төменгі жалақы алады. Сондықтан ауылдықтар қалаға ағылып жатыр. Бұл мәселені шұғыл қолға алмаса, жүздеген елді-мекен қаңырап бос қалады, деген Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтың штаб өкілдері Ақтөбе жұртшылығымен кездесті. Жиналған халық шағын ауылдардың бүгінгі жайын айтып, көтерілуі тиіс мәселелерді қозғады. Ауыл экономикасы, зауыттар мен шарушылық тақырыптары, ауылдарда қосымша жұмыс орындарын ашып, қарапайым жұмысшылардың жағдайын көтеру керектігі де айтылды. Сондай-ақ үміткердің тұғырнамасына қатысты сұрақтар қойылып, алдағы жоспарларымен танысты.  

Ғалым МҮСІРОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Т. РАҚЫМБЕКОВТЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:  

Бұндағы негізгі мәселе - ауылдың экономикалық-әлеуметтік жағдайын көтеру, ауылды индустрияландыру. Ауылда кәсіпкерлікті дамыту. Ауылда жастарға жұмыс тауып беру. Бір сөзбен айтқанда ауыл мен қала арасындағы экономикалық ықпалдастықты жақындату болып табылады. 

Ә. Өмірзақ