Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Жезқазғанда С.Түгелді қолдауға арналған концерт өтті

AstanaTV
28.05.2019ж. 20:00
2461
Жезқазғанда С.Түгелді қолдауға арналған концерт өтті

Ұлттық құндылықтарды мектеп бағдарламасына енгізіп, 1 сыныптан бастап оқыту керек. Елдің 5 мыңнан аса күйі, 12 мыңға жуық дәстүрлі әні бар. Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел бұл бастаманы сайлауалды тұғырнамасына қосқан. Үміткердің сенімді өкілдері дәстүрлі әншілердің қатысуымен Жезқазғанда концерт өткізді. Әрі қоғамдық штаб жиналған қауымды Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Қала тұрғындары да кандидаттың бастамасын құптап отыр.  

Ардақ МҰҚЫШ, ДӘСТҮРЛІ ӘНШІ:  

Ұлттық құндылықтар дегеніміз мынау ән өнері, оның ішінде күй, дәстүрлі ән, кешегі Біржан сал әннің туын тіккен, Ақан сері, Үкілі Ыбырай бұл ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қала беретін дүние. Бала осы ұлттық құндылықтарды мектептен оқыса жаман болмайды.

А. Бектас