Оңтүстік Қазақстан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында көлік нөпірі әлі де сейілмей тұр. «Бауыржан Қонысбаев» өткізу пункті алдында бүгін 180 жүк көлігі жиналып қалған. Барлығы көрші Өзбекстан елін бетке алғандар. Біздің арнамызға мына бейнежазбаларды сондағы жүргізушілер түсіріп жіберді. Олардың сөзіне сүйенсек, барлығының күтуден төзімі таусылуға шақ. Өйткені кедендегі өткізу жұмыстары тым баяу жылжып жатқан көрінеді. Айтуларынша, мұндай ұзын-сонар кептелістің басталғанына бесінші тәулік. Кезегін күнұзаққа күтуге мәжбүр болғандар жолда ас ішіп, сонда түнеуге тура келіп жатқанын айтады.
Вот, как ребята стоят. Вот, как питаются! Вот еще машины объезжают нас. Деньги дали «толкачам», проезжают. Вот сейчас одну машину мы разворачиваем назад. «Пока лобовое все целое» сказали «разворачивайся по-хорошему».
Өңірдегі кірістер департаментінің өкілдері жүк көліктерінің бұлайша жинақталып қалу себебінің бірі Қытай Халық Республикасынан бет алғандардың Өзбекстан аумағына өтуге рұқсат қағаздарының болмауымен байланыстырды. Дәл қазіргі уақытта өткізу пункті маңында тұрып қалған 180 көліктің елуі көрші елдің рұқсат қағазын алғалы тұр,- деді кедендік бақылау басқармасының өкілі. Жалпы көлік қозғалысының жиілеуіне алашапанды ағайындардың жақын және алыс шетелдермен сыртқы сауданы дамытуы себеп болса керек. Кешеден бері Өзбекстан аумағына 118 машина өткізілсе, біздің елге 122 көлік құралы кіріпті.
Темур Мырзахалықов, ОҚО МКД кедендік бақылау басқармасының бөлім басшысы:
Көлік
құралдарының тұрып қалуын және кептелісін болдырмау мақсатында, көлік құралдарының
өтуін тездету мәселелері бойынша кеден бекетінің басшыларымен іргелес тарапының
басшыларымен өзара әрекеттесу, сонымен қатар тасымалдаушылар мен сыртқы
экономикалық қызметі қатысушыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.