Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ә. Қосановтың сенімді өкілдері СҚО-ның жұмысшы жастарымен кездесті

AstanaTV
30.05.2019ж. 20:00
3035
Ә. Қосановтың сенімді өкілдері СҚО-ның жұмысшы жастарымен кездесті

Президенттікке үміткер Әміржан Қосановтың Қызылжардағы сенімді өкілдері жұмысшы жастармен кездесті. Өзінің сайлауалды тұғырнамасында жастар мәселесіне жіті тоқталған үміткердің бағдарламасымен танысуға қала және жақын маңдағы аудан жас буын да жиналды. Штаб мүшелері бағдарламаның негізгі тұстарын таныстырып, артынан жастарды мазалаған сұрақтарға жауап берді. Айта кетсек, Солтүстік Қазақстан – Әміржан Қосанов сайлауалды науқан аясында ат басын бұрған алғашқы өңір. Үміткердің өзі де Петропавл қаласында жергілікті тұрғындармен бірнеше рет кездескен еді.  

Аманжол ЗАҒЫПАР, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Бағдарламаларын халыққа таныстырып жатырмыз. Солтүстік Қазақстанның халқы жақсы қабылдап, алдағы уақытта өз таңдауларын жасайды деген ниеттеміз. «Ұлт тағдыры» ұйымының атынан түсіп отырған Әміржан Қосановтың осы өңірде де көбірек екенін жеткізгенді жөн санап тұрмын. Жұмыс барысы жақсы, ойдағыдай жүріп жатыр.

Ә. Өмірзақ