Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Коммунистер мотошеру өткізді

AstanaTV
30.05.2019ж. 20:00
1933
Коммунистер мотошеру өткізді

Қазақстан коммунистік халықтық партиясының Атырау облыстық филиалы өз үміткерін қолдау мақсатында мотошеру ұйымдастырды. Партия жалауы мен Жамбыл Ахметбековтың суреттерін қолға алған белсенділер қаланың басты көшелерімен жүріп өтті. Ерекше үгіт жұмыстары «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Оған ардагерлер мен қала жастары қатысты. Батырларға тағзым мотошеруге ұласты. Қаланың басты көшелерін аралаған партиялықтар тұрғындарға үгіт парақшаларын таратып, өз кандидатына дауыс беруге шақырды. Айта кетейік, әр өңірде құрылған белсенділер тобын санамағанда Қазақстан коммунистік халық партиясының республика бойынша 100 мыңнан астам мүшесі бар.  

Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ, ҚКХП АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ:

Біздің партияның бағдарламасы халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Біз қарапайым еңбек адамының мүддесін қорғап, тұрмысын жақсартуды көздейміз. Сондай-ақ, Батыстың жалған құндылықтарынан бас тартып, жастарды өз елінің патриоты болуға шақырамыз.

Д. Қайыртай