Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Кандидат С.Түгелді қолдауға арналған автошеру өтті

AstanaTV
30.05.2019ж. 20:00
2041
Кандидат С.Түгелді қолдауға арналған автошеру өтті

Ал Түркістанда Президенттікке үміткер Сәдібек Түгелді қолдауға арналған автошеру өтті. Кандидаттың сенімді өкілдері шара аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықты үміткердің бағдарламасымен таныстырды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен бастау алған автошеру көне Отырардағы Арыстан баб кесенесіне дейін жалғасты. Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге, көп балалы отбасыларға қолдау көрсетуге, шетелдерде тұратын қандастарымыздың атамекеніне оралуына жағдай жасауға баса назар аударылған. Сайлауалды штабтың мақсаты - кандидаттың ұстанымын әр қилы тәсілдермен көпшілікке жеткізу. 

Әзиз ӘНЕТОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР С.ТҮГЕЛДІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ:

Ол кісі енді Қазақстанның нағыз жанашыры, қазақтың дәстүрін, тілін, салтын және де ұлттық спорттарын көркейтіп, дамытып жүрген кісі болады. Қазіргі кезде бізге керегі ұлтық спортымызды кеңінен насихаттау және дамыту.

Бекзат ИСАБЕК, СПОРТШЫ:

Сәдібек Түгел ағамыз біздің ұлттық спорт жекпе-жек түрінен және басқа спорт түрлеріне белсенді атсалысуға, бізге көмектесуге әрқашан дайын. Сол кісіні қолдауға атсалысамыз.

Н. Біләл