Бензин тапшылығын оңтүстікқазақстандықтар да сезіне бастады. Шымкенттік көлік жүргізушілері АИ-92 маркалы бензин таппай, шарқ ұрып жүр. Әсіресе түнге қарай табу қиын,- дейді жүргізушілер. Жоғары октанды АИ-95 пен АИ-92 маркалы сұйық отын ең ірі саналатын «ҚазМұнайГаздың» өзінде де қат болып тұр. Бекеттегілерден «түстен кейін жеткізіледі» деген жауап алдық. Ал өзгелері үнемдеуге көшкен секілді. Шектеп құйып жатыр. Небәрі 2 мың теңгеге. Сондықтан болар, кезек үзілмейді.
Тағы да бір-екі заправкада болдым. Еш жерде бензин жоқ. Осы жерден құйдырдық. 2 мың теңге лимит қойып қойыпты. Әрине, ол аз. 2 мың теңге ол бір күндік жұмысқа жүргенге жетпейді бізге қазір.
Алты май құю стансасына барып келе жатырмын. Бәрінде бензин жоқ. Бакта бензин қалмады. Міне жетіншісіне келіп тұрмын.
Барлық жерде талон, жоқ болып жатыр бензин. Мына жерде 158, очередке тұрамыз, білмеймін қанша беретінін. 10 литрден артық бермей жатыр барлық жерде.
Сарапшылар бұл жағдайды өңірге бір айлық қажетті 30 мың тонна отынның мөлшері әдеттегіден аз жеткізілуімен байланыстырады.
Оның үстіне айдың соңы болғандықтан, орта және шағын бекеттердің кейбірінде бензин бітіп қалған. Аймақтағы жанар-жағармай қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаров сол себепті ірі компанияларға сұраныс еселенгендіктен, үнемдеуге көшкен болуы әбден мүмкін деп топшылайды. Бірақ қалыптасқан бұл мәселе алдағы аптада шешіле бастайды дейді.
Қайыпбек Қамбаров, ОҚО «Жанар-жағармай» қауымдастығының төрағасы:
Кеше
бізге 1200 тонна, одан бір күн бұрын 580
тонна бізге жібергенін білем, кешеден бастап осы біздің облысқа көбейте бастапты. Бір екі үш
күнде толық қамтамасыз етіледі 100 пайызға, осындай бізде мәлімет бар. Ал оның
үстіне тағы да қайталағым келеді, Павлодарда мұнай зауыты жұмысқа қосылып жатыр
екен бүгіннен бастап, осы келесі айдың басынан бастап 10 күн, 1 аптаның
ішінде, мен ойлаймын, бүкіл Қазақстан бойынша тұрақтылық пайда болады.