Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Жеңгетайлық» жасаған экс-депутатқа 3 жыл шартты түрде жаза кесілді

AstanaTV
26.10.2017ж. 20:00
3163
«Жеңгетайлық» жасаған экс-депутатқа 3 жыл шартты түрде жаза кесілді

Рудный қалалық мәслихатының экс-депутаты Юлия Каралаш 3 жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Іс материалында интимдік детальдар болғандықтан, сот отырысы жабық түрде өтті. «Жеңгетайлық» бабы бойынша айыпталған Каралаш кінәсін толық мойындап, прокурормен процестік келісім жасасқан. Жаза мерзімі біткенше, ол  пробациялық бақылауда болады.

Еске салайық, 25 жастағы Юлия Каралаш бұған дейін өңірдегі ірі кәсіпорындардың  бірінде  қызмет атқарған. Сан мәрте арулар сайысына қатысып, жеңімпаз атанған арудың есімі қала жұртшылығына жақсы таныс. Өзінің интернет дүкені де бар. 

Заңғар САНАЙ