Негізгі / Жаңалықтар / Елімізде ескі автобустарды пайдалану тоқтатылады

Елімізде ескі автобустарды пайдалану тоқтатылады

Елде автобуспен жолаушы тасымалдау қауіпсіздігі күшейту үшін арнайы жол картасы әзірленбек. Бұл туралы ішкі істер министрлігінен хабарлады. Бүгінде елде тіркелген 90 мыңдай автобустың тең жарысының пайдалану мерзімі 15 жылдан асып кеткен. Сондықтан ескі техникаға шектеу қойылып, жүргізушілеріне талап күшейеді. Өйткені сыйымдылығы жоғары автобустар өзге көлік түрлерінен әлдеқайда қауіпті. Осы мақсатта автобустарға тас жолдың бойындағы жылдамдықты сағатына 80 шақырымнан, ал елді мекен аумағында сағатына 50 шақырымнан асырмау талап етіледі. Жол картасы алдағы маусым айында қабылдануы мүмкін. 

Мақсат БАЙБОЛОВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жүргізушілер медициналық тексеруден өтпейді. Еңбек және демалыс режимдерін сақтамайды. Міне, осындай жалпы бұзақылықтарды жыл сайын анықтап отырамыз. Осыған байланысты бүкіл проблемалардың бәрін жинап, жолаушыларды автобуспен тасымалдау қауіпсіздігін арттыру жөнінде жол картасын әзірлеп отырмыз.

Жыл сайын автобус жүргізушілерінің кінәсінен болатын 500 жол апатынан 50 адам қаза тауып, тағы 700 жолаушы жараланады. Биыл қоғамдық көлікте 7 мыңға жуық заңбұзушылық анықталған. Соның ішінде 3 мың жүргізуші жылдамдықты асырғаны үшін ұсталса, міндетті техникалық байқаудан өтпеген 1300 автобус анықталған. 800 автобус жолаушыны заңсыз тасыған, сонымен қатар автобусты заңсыз қайта жарақтаудың 584 фактісі, жүргізушінің тынығу режимінің бұзылуына қатысты 400 дерек анықталыпты. Ал 38 жүргізуші көлікті мас күйінде айдаған.

Самат ҒЫЛЫМОВ, ҚР ИИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Интернет арқылы такси шақыртатын мобильді қосымшалар шекаралас облыстардың 300 елді мекенін қамтиды. Бұл қосымшалар ақпараттық-диспетчерлік қызмет көрсету орталығымен теңестіріліп, жолаушы тасымалдаушылармен келісімшартқа отыруы тиіс. Сонда заңсыз ақша тауып жүрген 50 мыңнан астам жеке тасымалдаушыға тосқауыл қойылмақ.

Е. Карин