Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Джейхун Шахвердиев халықаралық байқаушылар тізімінен шығарылды

Джейхун Шахвердиев халықаралық байқаушылар тізімінен шығарылды

Орталық сайлау комиссиясы халықаралық байқаушылар тізімінен тағы бір азаматты алып тастады. Сыртқы істер министрлігі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен Джейхун Шахвердиевтің куәлігін кері қайтаруға ұсыныс жасаған. Ал бүгін 720 шетелдік байқаушы аккредиттеуге шығарылды. Әзірге саяси додаға 967 адам бақылау жасамақ. Халықаралық ұйым сарапшылары 3 маусымға дейін ғана тіркеле алады.  

Зәуреш БАЙМОЛДИНА, ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінен бір байқаушыны тізімнен шығарған соң, орың орнына Фарух Джумаевты тіркейтін болдық. Бұл ұйымның ұсынысы. Халықаралық ережеге сай ешқандай шетелдік ұйым байқаушының ауыстырылу себебін айтпайды.

Айта кетейік, 9 маусымда елде 48 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы 6-дан бастайды. Ал 555 сайлау учаскесі тізімде бар сайлаушылар дауыс беріп болған соң, кез келген уақытта жұмысын тоқтата алады. Бұл - әскери бөлім, тергеу изоляторы мен емдеу мекемелері.

А. Бектас