$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Көп балалы аналардың талабы жазбаша түрде Ақордаға жолданады

AstanaTV
04.06.2019ж. 20:00
2074
Көп балалы аналардың талабы жазбаша түрде Ақордаға жолданады

Көп балалы аналардың талабы жазбаша түрде Ақордаға жолданады. Бүгін әртүрлі сала мамандарынан құралған жұмыс тобы олар қойған мәселелерді талқылап, ұсыныс әзірлемек. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары айтты. Еске салайық, кеше көп балалы ата-аналар Үкімет алдына жиналып, баспана беруді талап еткен болатын.

Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Бүгін шешім шығарыла ма, жоқ па оны айта алмаймын. Бірақ қандай мәселелер қойып отыр, оларды не толғандыратынын біліп, біз оларды тез арада шешуге қаншалықты дайын екенімізді анықтаймыз. Кейбір мәселелерді қазір шешуге болатын шығар. Қазіргі жіктелген бюджетке өзгеріс енгізуге бола ма, жоқ па оны мен шешпеймін. Мен 2025 жылға дейін бәрін қамтуға болады деп айттым. Бірақ күткісі келмейді. Бәлкім жылдамдатып 23- немесе 24-ші жылдары шешетін болармыз.

Г. Меңдеева