Бұдан былай батуттарды, аттракционды қолдану тәртібін әкімдіктер бақылайтын болады. Төтенше жағдай комитетінің төрағасы Владимир Беккер оған жауаптылар анықталғанын хабарлады. Осы уақытқа дейін бұл мәселенің қай мекеменің құзырына қарайтыны белгісіз болып келді. 1 маусым күні Президент әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге қатысты жиын өткізген. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі осы аптада үлмелі аттаракциондарды пайдалану тәртібін бекітуі тиіс. Ал «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы оны кәсіпкерлерге түсіндіруі керек.
Владимир БЕККЕР, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Кеден одағының техникалық талапты сақтау тәртібінде қайда, қалай қондырылуы керек екендігі бар. Министрлік осыны ескере отырып талаптарды әзірлейді. Біз әсіресе автокөлік жолымен электр желілері және су қоймалары арасындағы ара қашықтықты ескеруді ұсынып отырмыз.
Қарағандылықтар батуттар мен атракциондарға талапты күшейтуді сұрайды. Саябақтағы атракциондар ескіріп кеткен. Ешқайсында техникалық құжаты жоқ. Қауіпсіздік ережелері сақталмайды. Сондықтан, кәсіпкерлерге ескі атракциондарды жаңартуды міндеттеу керек,- дейді. Айтпақшы, қайғылы оқиғадан кейін әр атракционның жанына таразы қойып, балалардың салмағын өлшеген соң ғана ойынға жіберу міндеттелді. Таразылар кешікпей орнатылуы тиіс.
- Кір- кір. Антисанитария. Балалар оны қолдарымен ұстайды, кішкентай балалар қолдарын ауыздарына салады. Мен оған қарсымын, например.
- Сақтану ережелері жоқ қой. Суға жүзу мысалы, паркте қайықтар бар ғой. Балалар отырған кезде алаңдайсың. Сақтану ережелерін жандарына жазып, жандарына іліп қойса. Жаңартылса деп ойлаймын. Өйткені, бұрынғы ескі нелер, қазір жаңартылу керек қой жаңа заман, 21 ғасыр.
А. Қуаш