$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Мұнай-газ саласындағы компанияларда жергілікті сатып алу үлесі 34 пайыздан аспай тұр, - Қ.Тоқаев

AstanaTV
04.06.2019ж. 20:00
2190
Мұнай-газ саласындағы компанияларда жергілікті сатып алу үлесі 34 пайыздан аспай тұр, - Қ.Тоқаев

Мұнай-газ саласындағы компанияларда жергілікті сатып алу үлесі 34 пайыздан аспай тұр. Оны арттыру керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы Атырау жұртшылығымен кездесуінде айтты. Мемлекет басшысы, "Болашақ" зауытының өндірістік нысандарын тікұшақпен аралап көрді. Мұнай өңдеудің сатысымен танысты. Нысандардың облыс орталығына жақын орналасқанын тілге тиек етіп, қоршаған ортаны қорғауды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ, халықаралық стандарттарға сәйкес маман даярлайтын колледждегі студенттермен кездесті. Ал, жұртшылықпен кездесуінде аймақтағы өзекті мәселерді қозғады. Шетелдік мұнай компанияларында өтетін сатып алу конкурстарына жергілікті өнім өндірушілердің қатысуына, шетелдік және жергілікті жұмысшылар жалақысының бірдей болуын қадағалау қажеттілігіне тоқталды.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

Біз Қашаған жобасы бойынша Қазақстандық компаниялар үшін тең дәрежеде қолжетімді етуге құны 20 миллион доллардан асатын сатып алу жұмыстарына ғана келісім береміз. Сөйте тұра Қазақстандық компаниялардың басым көпшілігі әсіресе шағын және орта бизнес бұл межеден төмен сигментте жұмыс істейді. ТШО жобасы бойынша бұл жұмыс мүлде жолға қойылмаған. Үкіметке концорцимдармен тиісті жұмыс жүргізуді тапсырамын. Бұл мәселенің шешім табуы отандық бизнеске әсіресе атыраулық шағын және орта бизнес компанияларына пайдалы болар еді.

Б. Нәдірқызы