Ал Лондонға мемлекеттік сапармен келген Ақ үй басшысын британдықтар қуана қарсы алмады. Дональд Трамптың келуімен бірқатар қалада тағы да жаппай наразылық акциясы басталды. Шеруге шығуға үгіттеп отырған - лейбористер көшбасшысы Джереми Корбин. Ол Лондон мэрі Садик Ханды бұл қақтығыстың құрбаны деп атады. Мэр Sky News-ке берген сұхбатында Дональд Трамптың саясаты Британия құндылығына қайшы деп, оны бар салтанатпен күтіп алуға қарсы шыққан. Ал бұған жауап қатқан Трамп Ханды «жолы болмайтын бейбақ» деп атап, ерсі әрекетін айыптаған еді. АҚШ Президенті Гарри ханзаданың әйеліне де тіл тигізіп қалды. Сонымен, Меган Марклды «жауыз» деген Трамптың келуіне Біріккен корольдік разы емес.
Мухаммед АТИК:
Букингем сарайының алдында Трампқа және оның саясатына қарсы екенімізді ашық түрде жариялау үшін осында жиналды. Мінберге шығып не айтса да, ол бүлікші саясаткер. Ол нәсілшілдік пиғылды жақтайтын адам. Сондықтан біз осындамыз. Біз оның саясатына қарсымыз.
Еске салайық, Дональд Трамп Ұлыбританияға екі күндік сапармен келген. Ол Корольдік отбасымен кездесіп, премьер Тереза Мэймен келіссөз жүргізуге ниетті. Букингем сарайында тікұшақпен келген Трамп пен әйелі Меланияны Британияның патшайымы қарсы алды. Бұл - Ақ үй басшысының Brexit алдындағы соңғы сапары әрі үкімет басшысы статусындағы Мэймен соңғы кездесуі болмақ.
А. Бектас