Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Киіктер Батыс Қазақстан облысының ауылдарына маза берер емес

AstanaTV
04.06.2019ж. 20:00
4851
Киіктер Батыс Қазақстан облысының ауылдарына маза берер емес

Батыс Қазақстан облысында ауылдарға киіктер маза берер емес. Тұрғындардың сөзінше, үйірімен жүрген ақбөкендер шабындық жерлерді таптап, шаруа қожалықтарына зиян келтіріп жатыр. Өйткені аптап ыстықтан қорғанған жануарлар жайылымдық жерден өздеріне шұқыр қазып алады. Жүздеген киік жайлаған алқап осылай бүлініп жатыр дейді ауылдықтар. Ақбөкендердің әбден еркінсіп алғаны соншалық, көлікке жол бермей ойқастап, жүргізушілердің де жүйкесін жұқартқан. Биыл өңірдегі киік саны 200 мыңға жуықтады. Ал осыдан 30 жыл бұрын облысты миллиондаған бөкен мекендеген. Әрі оларды бір жерде қамап ұстау мүмкін емес. Осыны алға тосқан мамандар шаруаларға өз жерін қоршап, күзетуді ұсынады. Қазір 40 инспектор бірнеше топқа бөлініп, бөкендердің бағытын бақылап жүр.

Серік МӘЖЕНОВ, БҚО ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 

Соңғы 5-6 жылдан бері мемлекеттік резерват құру мәселесі көтеріліп келеді. Сонда киіктер резерваттың ішінде алаңсыз жүрер еді. Әркім өз жеріне мұқият болып, шамасы жеткенше қоршап қойсын. Басқа ештеңе істей алмаймыз. Өйткені киіктер мемлекет қорғауында, аулауға 2020 жылға дейін тыйым салынған. 

Е. Карин