$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматы облысындағы тұтастай бір ауылда жауын суынан сел жүрді

AstanaTV
04.06.2019ж. 20:00
2240
Алматы облысындағы тұтастай бір ауылда жауын суынан сел жүрді

Алматы облысындағы Пенжім ауылында су тасу салдарынан бүлінген аулалар мен көшелер тазартылып жатыр. «Қорғас» шегара бекетіне жақын орналасқан ауылға 200-ге жуық арнайы маман мен 40-тан астам техника облыс орталығынан жөнелтілген. Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі хабарлады. Соңғы деректер бойынша қатты нөсерден арналарға сыймаған су лек-легімен ауылға қарай аққан. Қызыл су 270 үйдің ауласына кірген. Қазір елді-мекен көшелерінде су жоқ, бірақ лай мен бүлінген қоралар тұрғындарға жайсыздық тудырып отыр. Жергілікті тұрғындар түсірген мына кадрлерге қарағанда судың нөпірі қатты. Төтеншеліктердің айтуынша, адам мен мал шығыны және құлаған үйлер жоқ. Жағдай бақылауға алынған. Жергілікті төтенше жағдай департаменті 31 мамырда 2-3 маусым күндері аталған аймақта су тасу қаупі бар деп СМС-хабарлама таратқан болатын.

Азамат ЖҰРТБАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Қазіргі таңда Алматы облыстық ТЖД, жергілікті атқарушы билік, «Қазақселденқорғау» мекемесі мамандары мен әскери қызметкерлер ауылда тазалау жұмысына кірісті. Бұл сел емес, интернет желісінде тараған ақпаратта сел деп жүр, бұл жауынның суы. Таудан аққан су ауылға жеткен. Қайталану қаупі туралы айту қиын, бәрі ауа райы мен табиғатқа байланысты.

Р. Асқарбекұлы