$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ақтөбеде тұрғындар букмекерлік кеңсенің ашылуына наразы

AstanaTV
04.06.2019ж. 20:00
3081
Ақтөбеде тұрғындар букмекерлік кеңсенің ашылуына наразы

Ақтөбеде көп қабатты үй тұрғындары баспана жанынан ашылатын букмекерлік кеңсеге қарсы. Олардың айтуынша бұл нысан ешкімнен рұқсат алмастан заңсыз салынған. Бұл маңда балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындары жақын орналасқан. Ойын кеңсесі оларға кері әсер етіп, қылмыс көбейе ме деп қорқады. Тіпті үйлерінің қауіпсіздігіне де алаңдайды. Сондықтан 43 адам қол қойған наразылық хатты қала әкімі мен прокуратураға жолдады. 

- Бұл мұндай нысан салынатын жер емес бұл. Университет тұр. Жастарды құмар ойындарына баулып, қылмысқа итермелеу үшін ашылғалы жатыр ма?

- Мен қарсымын! Бізден ешқандай рұқсат алған жоқ. Әй- шай жоқ келді деп мына нысанды салып тастады. 

Жергілітік атқамінерлердің айтуынша бұл жер телімі екі жыл бұрын әлеуметтік нысан салуға берілген. Басында көкөніс сататын дүкен салу жоспарланыпты. Кейін жоспар өзгеріп кеткен. Бірақ тұрғындар наразылығынан кейін әкімдіктегілер бұл іске араласты. Қазір тексеріс басталған. 

Бауыржан ЖАНТУРИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ: 

Букмекерлік кеңсе ашу - заңсыз. Біз оған рұқсат берген жоқпыз. Ол жер телімінің мақсаты бізде басқа деп көрсетілген.

Б. Рахметова