$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Көпбалалы аналар атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін

AstanaTV
05.06.2019ж. 20:00
4509
Көпбалалы аналар атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін

Маңғыстаулық көпбалалы аналардың атаулы әлеуметтік көмектен қағылуы мүмкін. Бұған компьютерден шыққан ақау себеп болыпты. Осының кесірінен әйелдер қажетті құжатын уақытылы рәсімдей алмай жүр. Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігіне тиесілі бұл бағдарламаның бір емес, бірнеше өңірде сыр бергені мәлім болды. 

Ашуға мінген бұл әйелдердің халыққа қызмет көрсету орталығында жүргеніне үш күннен асты. Бәрі бала басына берілер 21 мың теңге көлеміндегі көмекті ала алмай жүр. Мамандар дерегінше, Мұнайлыдағы аналардың тең жарымы осы көмектен үмітті. 

Жансая ҮСЕНБЕКОВА, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күніне 20 адам қабылдайды. Отырыстары анау, Связь жоқ дейді. Бір күні документің дұрыс емес дейді. Көп адамдарға документің дұрыс емес деп шығарып салады. Ал әкімдік куәлігіңмен кел десе, олар басқа қағаз сұрайды.

Замира ЖАЛҒАСОВА, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Балам температурамен ауырып тұрды. Бірақ ешкім кіргізбеді өшіретсіз. Без очередь кіргізеді деп айтылып еді. Сол үшін кеше онда келіп жазылдым. Үшінші болдым. Бүгін айтады сеть жоқ деп. Әлі тұрмыз міне, сағат 1, 12, болып жатыр. Баламыз бар үйде.

Ал халыққа қызмет көрсету орталығының өкілдері құжат қабылдайтын екі терезе ғана жұмыс істемейтінін айтады. Қалғандары азаматтарды күндегідей қабылдап жатыр.

Асылжан ШӘУЛЕНОВ, МҰНАЙЛЫ АУДАНДЫҚ ХҚКО БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үш күннен бері байланыс бір келіп, бір келмей тұр, связь дұрыс жасамай тұр. Бұл бойынша жұмыспен қамту орталығына бірнеше рет хабарластық. Олар Қазақстан бойынша жасамай тұрғанын айтады. Бір келіп, бір келмей тұр, 5 минут жасайды. 10 минут жасамай қалады.

Берик БІЛӘЛОВ, МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл тек қана Мұнайлы ауданында емес, тек қана облыста емес. Бүкіл республика бойынша жасамай тұр база. Мен қазір Министрлік бойынша бүкіл облыстық басқармамен хабарластым. Қазір шешеміз деп жатыр. //// Байланыс үзіліп те қалуы мүмкін, қайтадан қосылуы да мүмкін. Сондықтан халыққа сабырлылықпен кезек күтуін өтінеміз.

Қазір Мұнайлыда 4 мыңнан астам көпбалалы ана мемлекет көмегіне мұқтаж. Шенеуніктердің сөзінше, желіден шыққан ақау бүгін реттеледі. Осылайша олар құжат қабылдау қайта жалғасады деп сендірді.

Е. Карин