Қазақ-қырғыз шекарасындағы бақылау әдейі күшейтіліп отырған жоқ. Ереванда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Қазақстан премьер-министрі осылай деді. Қазір екі ел өзара жол картасын келісуге кіріскен.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
Шекарада
өткізілген барлық жұмыстар қырғыз еліне әдейі бағытталған жоқ. Біз бұл туралы
бұрыннан айтып келе жатырмыз. Жасалынған жұмыстардың барысындағы бұзушылықтар
олар бұрыннан айтылып келе жатқан дүние. Салық құрамдас бөлігіндегі шығынды
азайту және контрабандаға қарсы күрес деңгейін төмендетуден басқа Қазақстан
ешқандай мақсат қоймады.