Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Мектеп директоры жасырын кабинетке бильярд үстелін орнатқан

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
2529
Мектеп директоры жасырын кабинетке бильярд үстелін орнатқан

Иә, Біртановтің кетуіне Павлодар облысында бас дәрігердің тұтқындалуы түрткі болуы мүмкін. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы 3 млн теңге пара алды деген күдікке ілікті. Ол қомақты қаржыны мемлекеттік сатып алу кезінде жеке компания басшысынан алған. 

Жанна БАСТАРОВА, ҚР МҚІСЖҚК АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ұлттық бюроның Павлодар облысы бойынша департаментімен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұлтартпау шарасын қабылдау бойынша мәселе шешілуде. Күдіктіге қатысты түпкілікті шешім оның кінәсінің дәрежесін анықтаумен сотпен шығарылады.

Ал астанадағы №15 мектеп-лицей директорына қатысты қызық шағым түсті. Мектеп басшысы мекеменің жертөлесін бильярд залына айналдырып жіберген. Оны «Астана - адалдық алаңының» өкілдері арнайы барып анықтады. Директор жасырын кабинетке жайлы жиһаз да сатып алып қойған. Жемқорлыққа қарсы агенттік қазір мектеп басшысынан түсінік алып жатыр.

А. Бектас