$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қ. Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландырмақ

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
2206
Қ. Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландырмақ

Қайталанатын, артық қызмет түрлері қысқартылып, мемлекеттік басқару жүйесі оңтайландырылады. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында осыны ұсынып отыр. Сарапшылардың айтуынша ол бюджет қаржысын тиімді пайдаланудың бір жолы. Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының басшысы Мәулен Әшімбаев мемлекеттік басқару жүйесі хақында сөз қозғады. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтің жұмысы сапалы болуы үшін әуелі жемқорлықтың жолы кесілу керек және адал мамандардың қызметі өсуі қажет.  

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің кандидатымыздың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттардың бірі - басқару жүйесін ары қарай жетілдіру. Бұл салада кейбір мәселелердің бар екені жасарын емес. Сондықтан біздің кандидатымыз осы саланың тиімділігін арттыруды, қайталайтын қызметті қысқартуды өзінің негізгі басымдықтарының бірі ретінде анықтады.

Г. Меңдеева