Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Түлектерді әлі пайда болмаған тың мамандықтарға оқытуымыз керек - Л.Әбдімомынова

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
3217
Түлектерді әлі пайда болмаған тың мамандықтарға оқытуымыз керек - Л.Әбдімомынова

Түлектерді әлі пайда болмаған тың мамандықтарға оқытуымыз керек. Бүгін Назарбаев университетінде өткен Жоғары білім көшбасшыларының 8-ші Еуразиялық форумында осындай пікір айтылды. Мамандар еңбек нарығында жұмыс күшінің әрқилы болып бара жатқанын да атап өтті. Қазір мүгедектер де, жасы үлкен немесе Z буынына жататын жастар да жұмысқа тұрып жатыр. Яғни бәсекелестік артып келеді деді. Биылғы форум «Болашаққа дайын түлектер» тақырыбында өтті. Іс-шараға 12 елден 300-ге жуық делегат келген. 

Лейла ӘБДІМОМЫНОВА, «BCG KAZAKHSTAN» ДИРЕКТОРЫ:

Тағы бір маңызды өзгеріс - жұмыс тәртібінде. Қазір кеңседе ғана отырып жұмыс істеу деген жоқ. Қашықтықтан істейтіндер бар. Жарты күн жұмыста отыратындар бар. Фринлансерлер көбейіп жатыр. Бүгінде әлемде фрилансерлердің үлесі 20 пайызға дейін жетіп отыр.

Д. Қайыртай