$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Аналарға берілетін айлық жәрдемақыны үш есеге арттыру қажет - С.Түгел

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
2283
Аналарға берілетін айлық жәрдемақыны үш есеге арттыру қажет - С.Түгел

Аналарға берілетін айлық жәрдемақыны үш есеге арттырып, жас отбасыларды пайызсыз тұрғын үй несиесімен қамтамасыз ету қажет. Жаңаөзен халқымен кездескен президенттікке кандидат Сәдібек Түгел осылай деді. Бұл бастаманы қолдаған тұрғындар ұлт санын ұлғайтып, жастарды дер кезінде отбасын құруға ынталандырады деген пікірде. Сондай-ақ, кандидат шалғайдағы елдімекендерден өндіріс орындарын ашуды ұсынып отыр. Осылайша өңірлердегі жұмыссыздық мәселесін шешіп, қараусыз қалған елдімекендердің қайта жандануын қамтамасыз етпек.  

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Ауылшаурашылығы өндірісі керек. Тек қана шикізат шығарумен емес, сол шикізатты өңдеумен, осылардың маңайында үлкен зауыт, фабрикалар болса менің түсінігімде. Сабылып жүрген жастар қаладан ауылға келер еді. Ауыл біздің қасиетті киелі жеріміздің қорғаушысы, күтушісі, қорғаны, жанашыры болар еді.

Ә. Өмірзақ