Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Д.Еспаеваның кандидатурасын қолдауға арналған автошеру өтті

AstanaTV
06.06.2019ж. 20:00
1891
Д.Еспаеваның кандидатурасын қолдауға арналған автошеру өтті

Президенттіктен үмітті Дәния Еспаеваны қолдау үшін автошеру өтті. Іс-шара еліміздің үш бірдей үлкен қаласы - Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентте ұйымдастырылды. Автошеруге әр қалада 30 шақты көлік қатысқан. Штаб өкілдері осылайша халықты сайлауда белсенді болуға шақырды. «Ақ жол» партиясының жастар қанаты да сайлауалды жұмыс қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Ертең елордада жастарға арналған үлкен концерт өткізу жоспарланып отыр. 

Әзиз ҚОЖАБЕКОВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Автошеруге ақ түсті көліктерді таңдаған себебіміз жәйдан-жәй емес. Партиямыздың аты да Ақ жол. Сондықтан, жолымыз ақ болсын деп, сайлау сәтті өтсін деп ақ көліктерді таңдадық. Сайлаушыларды президенттікке ұсынылып отырған әйел кандидат Дәния Еспаеваға дауыстарыңызды беруге шақырамыз. Сайлауға шақырамыз. 

Д. Қайыртай