Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ж.Ахметбековтың штабы үгіт жұмыстарының қорытындысын шығарды

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
1992
Ж.Ахметбековтың штабы үгіт жұмыстарының қорытындысын шығарды

Коммунистік халық партиясы Жамбыл Ахметбековты қолдауға арналған акция ұйымдастырды. {КСМ} Белсенділер қала саябағына жиналып, қанат белгісін жасады. Шараға кандидаттың өзі де қатысып, ел дегі басты саяси науқанда аянбай еңбек еткен команда мүшелеріне ризашылығын білдірді. 

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:

Республикалық штабқа, менің командама алғысымды білдіремін. Олардың қатысуымен республика бойынша 5000 тарта үгіт насиxат өткіздік. Былай алып қарағанда 500 мыңға тарта xалықты қамтыдық. Оның ішінде кездесулер мен жиналыстар бар.

Ал кандидаттың сайлауалды штабының өкілдері үгіттеу жұмыстарының қорытындысын шығарды. Биылғы науқанға өңірлік және орталық штабтарда 5 мыңға жуық адам араласқан. Үміткер мен оның сенімді өкілдері елдегі 500-ге жуық кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіпті. 

Айқын ҚОҢЫРОВ, ҚКХП РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Жамбыл Ахметбековтың Республикалық сайлауалды штабы 1,5 миллионға жуық үгіт парақшаларын таратты. Сондай-ақ, үміткерді қолдаушылар әлеуметтік желілерде де белсенді жұмыс жүргізді. Осы аралықта 6,5 мыңдай жазба жарияланды. Бұл арқылы біз 600 мың адамдық аудиторияны қамтыдық. Жалпы республикалық штаб және кандидат сайлауалды компания жұмысын оң бағалады. Ең бастысы сайлау науқаны барысында ешқандай заң бұзушылықтар мен әкімшілік тосқауылдар болған жоқ. 

Д. Қайыртай