Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Ә.Қосановтың штабы үгіт-насихат кезеңін қорытындылады

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
2906
Ә.Қосановтың штабы үгіт-насихат кезеңін қорытындылады

Ел президенттігіне тағы бір үміткер - Әміржан Қосановтың республикалық сайлауалды штабы да үгіт-насихат кезеңін түйіндеді. Бүгін бас қалада штаб мүшелері бір айға жуық уақыт ішінде атқарылған жұмыс пен ұйымдастырылған шараларды түгендеп шықты. «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің атынан сайлауға түсіп отырған Әміржан Қосанов саяси науқан аясында еліміздің бірқатар аймағын аралап үлгерді. 

Дәурен БАБАМҰРАТОВ, Ә.ҚОСАНОВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Азғантай уақыт ішінде штабта тәп-тәуір команда жинап, көрсетілген уақыттың ішінде тәп-тәуір сайлау науқанын жүргіздік деп ойлаймын. 17 аймақтың барлығында облыстың штабтарымызды аштық. Аймақтардың жарымына жуығын аралап үлгердік. Үгіт-насихат жұмыстарына араласамын деген азаматтар, барлығымен кездесіп, сөйлесіп, өзіміздің жұмысымызды нәтижелі, жүйелі жүргіздік деп ойлаймын.

Әміржан Қосановтың аймақтарға сапары Қызылжардан басталды. Бұдан бөлек «Ұлт тағдыры» қозғалысының өкілі Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Алматы, Орал өңірлеріне барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Бұл жиындарда саяси құжаттың негізгі бағыттарымен қатар қоғамды алаңдатып отырған әлеуметтік, экономикалық сұрақтар да талқыланды. Ал, үміткердің жолы түспеген аймақ тұрғындары кандидат ұстанымдары жайлы әлеуметтік желілерден хабар алып отырды. 

Абзал ДОСЫМ, Ә.ҚОСАНОВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Осы уақытқа дейін не айтып келгенін әлеуметтік желіге салдық. Одан кейін біз кандидаттың сайлауалды бағдарламасын жарияладық. Ол жерде біз түйткілді мәселелер, кандидаттың айтып жүрген сөздері, халықпен кездесу барысындағы видеолардың толық версиясын ютубқа, қырқылған версиясын әлеуметтік желіге тараттық. 

Н. Біләл