Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

С.Түгел: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы заң қабылдау қажет

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
2279
С.Түгел: Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру туралы заң қабылдау қажет

Елімізде тіл полициясын құру қажет және Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін арнайы заң қабылдау керек. Қазақстан перзиденттігіне үміткер Сәдібек Түгел бүгін баспасөз мәслихатында осындай мәлімдеме жасады. Кандидаттың бастамалары мұнымен шектелмейді. Бір айға ұласқан үгіт-насихат жұмыстары Петропавл қаласында ұйымдастырылған патриоттық флешмобппен түйінделді. Кандидат Егемен елдің тіліне дербестік беретін уақыт жетті деп отыр. 

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР : 

Өз тілінде сөйлемеген заңды бұзу деп, оларды заңға тартуымыз керек. Енді осы күннен бастап біздің барлық парламентіміз, министрліктер, үкімет, барлық мемлекеттік қызметтер тек қана қазақ тілінеде, мемлекеттік тілде сөйлеу керек. 

Бұған дейін Сәдібек Түгел қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуын заңмен шектеуді ұсынған еді. Әрі жас отбасыларға пайызсыз тұрғын үй несиесін беру қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ар-ождан полициясын құрып, түнгі клубтар мен тәулік бойы жұмыс істейтін сауналарды, букмекерлік кеңселерді жабу туралы бастама көтерді. Сәдібек Түгел шетелдердегі 5,5 млн-ға жуық қандасымызды атамекеніне көшіру үшін, арнайы бағдарлама дайындауды ұсынып отыр. Осылайша халық санын көбейту қажет дейді. Ал, деміккен демографияға серпін беру мақсатында ол «25» бағдарламасын қабылдау туралы бастама көтерді.

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР: 

Бағдарламаның аты қысқа, 25 деп аталады. Қазақтың қызы бой жетіп, білімін алғаннан кейін 25-ке дейін тұрмысқа шығу керек. Міндетті түрде қазақтың жігітіне шығу керек. Қазақтың баласы әскерден келгеннне кейін 25-ке жасқа дейін үйлену керек.  

Н. Біләл