Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған фестиваль өтті

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
1581
Төлеутай Рақымбековты қолдауға арналған фестиваль өтті

Ал, Төлеутай Рақымбековтың штабы үгіт-насихат науқанын ауқымды өнер фестивалімен қорытындылады. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жезтаңдай әншілер мен фольклорлық топтар елорда төрінде өнер көрсетіп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Үміткердің өзі жиналғандарды ел тарихындағы елеулі оқиға саналатын сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Партияның орталық аппараты ұйымдастырған ауыл өнерпаздарының фестивалі. Оның өзінде байқадыңыздар, бір атақты, қазір аты шыққан сахна жұлдыздары емес. Әр облыстан, әр ауылдан келген осы фестивальдің жеңімпаздары өздерінің өнерлерін көрсетті. 

Рақымбековтың сайлауалды бағдарламасында жастар тәрбиесіне көңіл бөліп, отбасылық құндылықтарды сақтау жайында жазылған. Ал, оның негізі осындай ұлттық нақыштағы өнер фестивалдерінде жатқаны анық. Презденттікке үміткер ауыл руханиятынан бөлек, оның инфрақұрылымын қалыптастыру, жұмыссыздықты жою және әлеуметтік жағдайды жақсарту мәселесін де жиі көтереді.

Әли БЕКТАЕВ, ПРЕЗИДЕНТТІККЕ ҮМІТКЕР Т. РАҚЫМБЕКОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Партияның кандидаты өңірлердің барлығын түгел аралап шықты. Ауыл шаруашылығы қызметкерлерімен, зауыт-фабрика жұмысшыларымен, жастармен, ардагерлермен, түрлі ұлт өкілдерімен кездесті. Өзінің сайлауалды бағдарламасын толық жеткізді деп айта аламыз.  

Н. Біләл