Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ж. Ахметбеков дауыс берді

AstanaTV
09.06.2019ж. 10:00
1436
Ж. Ахметбеков дауыс берді

Кандидаттардың ішінен ең бірінші болып Жамбыл Ахметбеков дауыс берді. Коммунистер атынан сайлауға түскен үміткер 91 жастағы анасы, жұбайы және қызын ерте келген. Сондай ақ, штаб жетекшісі Айқын Қоңыров та бірге болды. Бүгін Ахметбековтің басты жанкүйері анасы. Дауыс берерден бұрын кейуана қазақ халқына және ұлына ақ батасын берді. Олар Нұр-Сұлтан қаласындағы №113-ші учаскіде өз таңдауын жасады. Жамбыл Ахметбеков сайлауға ерте келу кеңес кезінен қалған әдет деді. Саяси додаға екінші рет қатысып жатқан ол бұл жолы жеңіске жетуге үмітті екенін жеткізді.

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ: 

Жеңіске жетеміз деген оймен де келіп отырмыз. Сондықтан қазір халықтың өзінің таңдауы болады. Осы уақыттың арасында талай атқарылған істер бар. Қазақстанның көркеюі, оның дамуы, экономикалық саласынан айлатын болса да, саясат жағынан алса да және қазір жасалып жатқан әлеуметтік көзқарастың өзгеруі бұл қазіргі кезде халықтың сайлауға келу беделін артуына әсер етіп отыр деп санауға болады.

Нөмері 113-ші сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мен Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Абдыхалықова да дауыс берді. Бас полицей асығыс кетіп қалды. Ал сағат 11-ге қарай президенттікке кандидат Дания Еспаева келеді деп күтіледі. 

Д. Қайыртай