Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Қызылордалық сайлаушыларға барлық учаскелерде ыстық бауырсақ, шәй, шұбат пен құрт ұсынылды

AstanaTV
09.06.2019ж. 20:00
2601
Қызылордалық сайлаушыларға барлық учаскелерде ыстық бауырсақ, шәй, шұбат пен құрт ұсынылды

Сайлау учаскесіндегі той. Қызылорда өңіріндегі барлық сайлау учаскелерінде қазақтың қиіз үйлері тігіліп, ыстық бауырсақ, шәй, шұбат пен құрт ұсынылды. Сайлаушылардың көңілін жергілікті гуманитарлық колледждің студенттері әнмен көтерді. Шарипа Сақтапова толықтырады. 

Қазаны оттан түспейтін қазақтың келіндері бүгінде барлық сайлау учаскелеріне арнайы ыстық бауырсақ пісіріп, келушілерге шәй мен шұбатын ұсынып жатыр. Ал дауыс беруге келгендер киіз үйдің төріне шыққандарына дән риза.

Кәмшат БАБАСОВА, № 101 МЕКТЕПТІҢ МҰҒАЛІМІ:

Қазақтың әр тойы осы ыстық бауырсағымызбен өткізіледі. Азаннан бастап осы ыстық бауырсақты халыққа азанымен пісіріп, ұсынып жатқан жайымыз бар. 

Әділжан НАЗАРБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Жалпы заманымыз тыныш, халқымыз тыныш, аман-есенбіз. Осы енді сайлауға келіп жатырмыз. Өзіміздің таңдауымызды жасадық. Балаларымыздың, ұрпақтарымыздың болашағы үшін. Әрдайым аман болайық, еліміз, халқымыз тыныш болсын. 

Осы уақытқа дейін аймақтағы сайлаушылардың сексен пайызға жуығы өз таңдауын жасапты. Олардың арасында Әбдірауық ақсақал да бар. 

Әбдірауық САТЫБАЛДИЕВ, ҰОС АРДАГЕРІ:

Қазақстанымыз гүлдене берсін, соғыс болмасын, бейбітшілік заман болсын, балаларымыз өсе берсін, өркен жая берсін, халқымыз аман болсын. 

Қызылорда облысында 850 мыңдай тұрғын бар. Бүгін оның 490 мыңнан астамы өз таңдауын жасауы тиіс.

Ш. Сақтапова