Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Президентті ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
2457
Президентті ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді

Президентті ұлықтау рәсімі 12 маусымда өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге брифинг берген Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Ол көптің көкейіндегі біраз сұрақтарға жауап беруге тырысты. Үкімет ауыспауы мүмкін дейді. Бірақ, кей министрлер орынтағымен қоштасады. Президенттің кадр тізіміне бүкіл елден 300 адам іріктеп қоймақ. Әсіресе таңдау жастарға түседі деді. Сайлау нәтижесін естігенде, тіпті қуанбағанын, тастай берік болғанын да айтты. Мөлдір Бақытқызы тарқатады.

Алдын ала санақ бойынша сайлауда жеңіске жеткен Тоқаевқа сұрақ қоюға журналистер асық. Ақорданың пресс залында 100 ден аса отандық және шетелдік әріптестер оны тағатсыздана күтті. Бір қызығы бүгін жураналистерге ішке ұялы телефон алып кіруге де рұқсат берді. Бәрінің көкейіндегі сұрақ сайлау күні болған митинг жайлы. Президент қарсылыққа шыққандар сыртқы күштердің ықпалына түсіп кетті деп есептейді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

К сожалению, эти граждане пользовались информацией извне, подталкивались к незаконным действиям, ставили под угрозу спокойствие и безопасность других граждан, в связи с чем они обращались в полицию с просьбой обеспечить их спокойствие.

Журналистер Үкімет қабырғасында жауапты министрге жиі қоятын сұрақ: кешкісін интернеттің бұғатталуы. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының байқаушылары бұл үрдісті сайлау кезінде де байқап, ескерту жасаған. Интернет халықты арандатуға қолданылмауы керек деген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеден бейхабар болып шықты. Соған қарағанда Президент Туиттерді күндіз ғана қолданса керек.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Поэтому, откровенно говоря, я не совсем был в курсе, что социальные сети блокировались. Но конечно же правоохранительным органам будет дано соответствующее поручение.

Айтпақшы, бұған дейін де Ресей журналистеріне сұқбат берген президент транзит деген сөзді қолдануға тыйым салыпты. Мерзімінен бұрын Парламент сайлауы туралы ойлауға әлі ерте деді. Ал өзін "өткінші Президент" деп атауға үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Что такое транзит? Это значит, что я транзитный пассажир, что ли, или попутчик? Нет, я считаю себя полнокровным Президентом Республики Казахстан. Я не попутчик, не собираюсь менять ни поезд, ни самолет, ни пересаживаться на какое-то другое движущееся средство.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін қалжыңдап, көпті күлкіге қарық қылды. Журналистер сауалына 1 сағат бойы жауап берген ол, уақытқа шектеу жоқ дегенге келтіріп, анкедот та айтып берді.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Не надо измерять время. Как в том анекдоте: хозяин угощает своих гостей, говорит: "Кушайте, пожалуйста, пятую манту по счету.

Ал екі күннен кейін, 12-маусымда Президентті ұлықтау рәсімі өтеді. Асығыстық себебі, 14-маусымда Қырғызстанда Шанхай ынтымақтастық ұйымының жиыны өтеді. Сонда ресми түрде мемлекет басшысы ретінде бару керектігін айтты. Бүгін Тоқаевты әріптестері шетінен құттықтап жатыр. Брифинг алдында Владимир Путин хабарласса, осы отырғанда Армениядан Пашинянның қоңырауын күтіп отырды.

М. Дюсекина