Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Дәния Еспаева келесі Президент сайлауына да қатысуға ниетті

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
3497
Дәния Еспаева келесі Президент сайлауына да қатысуға ниетті

"Ақ жол" партиясы тағы ұсынатын болса, Дәния Еспаева келесі президент сайлауына да қатыспақ. Мәжіліс қабырғасында журналистер сұрағына жауап берген кандидат осылай деді. Үміткерлер арасында сайлаушылардың басым дауысына ие болған тұңғыш әйел бұл Қазақстан әйелдерінің жеңісі деп отыр. Азиялық таптаурын көзқарасты бұзып, өзін осы саяси додаға қосқан партияластарына алғысы шексіз. Дәния Еспаева exit-poll мәліметі шыққанша ұйықтамағанын да айтты. 

Дәния ЕСПАЕВА, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ:  

Сағат 12-ге дейін экзит полды күттім. Партия ұсынса қатысамын. Телефонмен маған көптеген құттықтау келді. Сондықтан үштен кете жаттым.

А. Сейфулла