$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Сайлаушылар жаңа президент ел тыныштығы мен тұрақтылықты сақтайтынына сенеді

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
2155
Сайлаушылар жаңа президент ел тыныштығы мен тұрақтылықты сақтайтынына сенеді

Жаңа Президентке көпшілік ел тыныштығы мен тұрақтылықты сақтайды деп сенеді. Біз пікірін білген сайлаушылар осындай ойларымен бөлісті. Талай сайлауды өткерген азаматтар әрбір саяси науқанның жауапкершілікке толы екендігін айтады. Олар биылғы сайлаушылар белсенділігі жоғары болғанын байқапты.  

Төлеген ӘШІМОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Президент сайлауына қатысқан көшбасшының жеңіске жететініне күманымыз болмаған. Әрине, бәсекелестерінің қауқарлы еместігін де айта кету керек. Бірақ олар да мұндай салмақты кандидатпен бағын сынау оңай еместігін мойындады. Қыз-келіншектер әйел үміткерді қолдаса, кейбірі Қосановты жақтады. Пікір алуандығы болуы керек. Мұнда тұрған ештеме жоқ.

Жұмагүл ЖОЛДАСОВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЛИЦЕЙ ОҚЫТУШЫСЫ:

Жаңа президент білім беру саласын жаңа биікке көтереді деп сенеміз. Білім қуған студенттер еліміздің ертеңі үшін еңбек етеді деген ойдамыз. Өйткені Қазақстан білім беру саласы бойынша әлемдік деңгейге көтеріледі деген үміттеміз.

Е. Карин