Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Инкассаторлардың өліміне қатысты екі күдікті ұсталды

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
4016
Инкассаторлардың өліміне қатысты екі күдікті ұсталды

Түркістан облысында инкассаторларды өлтірген күдіктінің танысы да бүгін қамауға алынды. Ол қылмыстық кодекстің екі бірдей бабымен жауапкершілікке тартылып жатыр. Айта кетейік, Қазпошта АҚ-на қарасты Арыс аудандық бөлімшесінің ақша тарататуға шыққан екі қызметкері жұма күні кісі қолынан қаза тапқан болатын. Оқиғаның жай-жапсарын әріптесім Айзада Төребекқызы тарқатып айтады.  

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Екі адамның қанын мойнына жүктеді деп қамауға алынған күдікті - Арыс қалалық пошта бөлімшесінің қызметкері. Ол 1981 жылы туған, оған «Адам өлтіру» және қарақшылық» баптары бойынша айып тағылып отыр.

Полицейлердің дерегінше, ұсталған азамат қасақана өлтірілген инкассаторлармен бірге жұмыс істейді. Сол күні кезекті еңбек демалысында жүрген күдікті әріптестерінің көлігіне малшы ауылға дейін жетіп алғысы келетін айтып, мініп алған. Алайда орта жолда әріптестерін жайратып салған дейді полицейлер.

Қайрат ДӘЛБЕКОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Жедел іздестіру жұмыстарын бастап, сол күні қылмысқа күдікті ретінде сол Қазпошта мекемесінде жұмыс істейтін өздерінің әріптесі 1981 жылы туылған қылмыскер анықталып, ұсталып, қазіргі таңда қылмыс бойынша толығымен мойындап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейін, оқиға жұма күні кешкісін тіркеліпті. Қазпошта мекемесінің басшысы үш ауылға ақша тартуға шыққан қызметкерлерінің түстен бері хабарсыз кеткеніне арызданған. Шұғыл іске кіріскен полиция инкассаторлар мінген көлікті қаладан үш шақырымдай қашықтықтан, ал басына оқ тиген олардың денелері 35 шақырым жерден тауып алған. Одан айғақты зат ретінде шолақ мылтық және ақша тәркіленген. Бүгін бұл іске қатысты екінші адам қамауға алынды. Ол күдіктінің ұрланған ақша мен қаруды жасырған танысы.

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Ол жергілікті тұрғын. Арыс АПБ-де ҚР ҚК 434 бабы бойынша «Қылмыс туралы хабарламау» және 287 бабы бойынша «Қаруды заңсыз сақтау» баптары бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат қамауға алынды. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Болған оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Айта кетейік, қарақшылық шабуыл жасалған инкассаторлық көлікте 7,5 млн теңге ақша болған. Ол Қожатоғай ауылы тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысы деді қазпошта басшылығы.

Бақытжан ЫСҚАҚ, "ҚАЗПОШТА" АҚ ОҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Пенсия-пособие ақшасы еді ғой ол 7,5 млн бізде, ауылдарға әкетіп бара жатқан. Соны біз басқа қаржы жіберіп ол пенсионерлердің ақшасының бәрін тарқаттық. Ол жақта қазір ешқандай проблема жоқ. Вопростың бәрін шешкенбіз. Ал инкассацияның қауіпсіздік шаралары ол біздің филиалға қарамайды, республиканская спец. служба связи бөлек филиал, солар жауап береді ол вопростарға.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Ал инкассаторларға тікелей жауапты мекеме өкілдерінен қандай да бір мәлімет алу мүмкін болмады. Ақша таситын көлікте қауіпсіздік талаптары сақталған ба? Инкассаторлар қаруланған ба? Бұл сұрақтардың әзірге басы ашық қалып тұр.

А. Төребекқызы