Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Әнұран жазылған алғашқы күйтабақ табылды

AstanaTV
10.06.2019ж. 20:00
4666
Әнұран жазылған алғашқы күйтабақ табылды

Павлодарда «Менің Қазақстаным» әнінің ең алғашқы орындаушысының дауысы жазылған күйтабақ табылды. Ескі пластинка 50 жылдан аса уақыт жергілікті мұражайлардың бірінде сақталып келіпті. Әнді Қазақстанның халық әртісі Жамал Омарова орындаған. Ал оны белгілі коллекционер, музыкатанушы Наум Шафер сақтапты. Бұл әнді нотаға түсіруге композитор Василий Великанов көмектескен. Музыкатанушы Наум Шафердің айтуынша, «Менің Қазақстаным» 1956 жылы жазылғанымен, тек 1965 жылы ғана таспаға түсіріліпті. Өнертанушы Наум Шафердің мұражай үйінде барлығы 27 мың пластинка сақталған.  

Наум ШАФЕР, МУЗЫКАТАНУШЫ, КОЛЛЕКЦИОНЕР:

Мен бұл күйтабақты сол шыққан жылдары Алматыдағы дүкендердің бірінен сатып алдым. Өйткені сол кездері, яғни өткен ғасырдың 50 жылдары жалпы халықтық әнге айналды. Сол кездегі мерекелік кештер мен отбасылық отырыстар «Менің Қазақстанымсыз» өтпейтін.

Ө. Қуанар