$444.3 €490.91 ₽5.41

Қоғамдық көлікте балаларды арбамен алып жүруге тыйым салынбайды

Қоғамдық көлікте балаларды арбамен алып жүруге тыйым салынбайды
Фото: ашық дереккөз

Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді

Қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар коляскасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды, деп хабарлайды Astana TV.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар коляскасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте коляска жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.

Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған.

Егер ата-анаға балалар коляскасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын колясканы жайылған күйінде жалғастыра алады.

Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген.