Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Теңге бағамы 0,3%-ға нығайды - Е. Досаев

AstanaTV
11.06.2019ж. 20:00
2891
Теңге бағамы 0,3%-ға нығайды - Е. Досаев

Президенттік сайлаудан кейін теңге құнын жоғалта қоймады. Өткен аптадан бері валюта бағамы 0,3%-ға нығайған. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет сағатында осылай деп мәлімдеді. Ал 5 маусымға дейін теңгенің 1,3%-ға әлсіреуін әлемдік нарықтағы мұнай бағасының төмендеуімен байланыстырды. Қара алтын құнының құлдырауына АҚШ-тың Мексикамен заңсыз миграцияға қатысты келісімі түрткі болған. Ал бүгін ақша айырбастау пунктінде көк қағаз 385 теңгеден саудаланып жатыр.  

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ :

27 мамыр мен 5 маусым аралығында әлемдік экономиканың сауда талабы қатаңдады. Нәтижесінде мұнай бағасы 13 пайызға жуық яғни 60,6 долларға дейін төмендеді. Алайда, соңғы екі күнде 1 баррель үшін 63,3 долларға дейін түзету болды. Таңертеңгі баға 62,3 долларға төменге түсті.

А. Бектас