Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Жолаушы тасымалы қызметіндегі кемшіліктер түзеле бастады

AstanaTV
27.10.2017ж. 20:00
3889
Жолаушы тасымалы қызметіндегі кемшіліктер түзеле бастады

Шымкенттің жолаушы тасымалы қызметінде соңғы он тәулікте не өзгерді? Шенеуніктердің қоғамдық көлікке ауысқанына да бір аптадан асты. Шаһар басшысының бастамасымен олар қызметтік көліктерін 1 айға тұраққа қойған еді. Жолаушылардың қызметке көңілдері тола ма, ал шенділер қандай шешім қабылдады? Айзада Төрекбекқызы тарқатсын.

Аялдамаларда, қоғамдық көліктерде де арнайы кесте көрінбейді. Сондықтан болар билет кесушілер «айқайға» басуын доғарар емес. Тек шенділер халыққа біртабан жақындағалы енді автобустар мен бағыттағы таксилерде арнайы кесте ілінетінін айтты. Сонымен қатар кондукторлардың «айқайшы» қызметін дыбыстық жүйеге алмастырамыз деп отыр. Әйтсе де  жолаушылардың тілегі мұнымен бітпейді.

Күлзия Жамбылбаева:

Аялдамада 1 сағаттай көлемінде күттік. Сол... -Өте сирек жүреді ме, ылғи осындай ма? -Енді біз өнебойы жолға шықпаймыз ғой, көп мінбейміз.  №92-ге мінемін, 92 тез-тез келетін. Бұл өзі сиректеу келеді. -33 па мынау?  33 уақыты болмаса, басқа кемшілігі жоқ.

Қара халықтың таңғы және кешкі мезгілде автобуспен қатынауы қиямет қайым. Әсіресе қаланың іргесінен қатынайтындар, мәселемізді естір құлақ болса деп, базыналарын айтты.

Гүлзина Тәжібаева:

Мен өзім келетін ауданымда негізі үнемі адам тола болады. Мен 17 б-мен жүрем көбінесе. Автобус нормально келеді, бірақ үнемі тола да бізде. Кішкентай автобустар. Қалада ғана үлкен автобустар. Ал шет жақтарға кішкентай автобустар қойып қойған.

Балхаш Сәтбаева:

Сабақтан қайтатын кезде өте адам көп болады. Біріміздің үстімізге біріміз мініп тұрғандай болады. Оның үстіне жас балалар, құлап кетеді ма деп, сондай. Сондай кезде көбірек автобус болса екен деймін да. Одан кейін жас жігіттер өте қатты айдайды, өте қатты айдайды. Бір жерге тоқтаған кезде екі жақты ұстап алмасаң кеттің ұшып.

Жасұлан Уәлихан:

Автобустар кешкі 11-ге дейін жүрсе деп ойлаймын өзім.

Шымкенттің шенділері қоғамдық көліктердің кісі қарасы көбейетін уақыттарда санын  арттыруды қарастырып жатқандарын жеткізді.

Қайрат Нұртай, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

Бізде  проблема адам көп жүретін час пик дейді ғой, таңғы уақытта, түскі уақытта, кешкі уақытарда соларға автобустың санын көбейту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Тапсырма беріп, перевозчиктермен сөйлесіп, олар қосуға ұсыныс берілді. Осы алдағы аптада жақсы нәтижелі жұмыстар көріне бастайды. Халық өзі сезіне бастайды.

Алайда «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы автобустардың санын арттыру тиімсіз деп санайды. Әрі оған мүмкіндік те жоқ деп қысқа қайырды. Оның орнына жолаушылар үйінен әдеттегіден жарты сағатқа болсын ерте шыққаны жөн деп қосты.

Дархан Қаюпов,  «Южавтотранс» қауымдастығының төрағасы:

Басы артық көлік жоқ қазір. Шымкентке соңғы екі жылда 10 көлік қана әкелінді. Бұл мәселе бүгін-ертең шешіле қоятын іс емес. Сондықтан біз бүгінгі күні бірінші кезекке сапалы жұмысты қоюымыз керек. Оның үстіне таңғы және кешкі мезгілде болмаса, басқа уақытта адам тіпті аз жүретіні тағы бар. 

Айзада Төребекқызы,  тілші:

Ал әкімдіктегілер халыққа ыңғайлы болу үшін тағы бір жүйені іске қоспақшы. Ол ұялы телефондарға арналған мобильдік қосымшалар. Яғни жолаушы сол арқылы автобустың жүру бағытын, аялдамаға жету мерзімі мен кестесін біліп отыра алады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ