Негізгі / Жаңалықтар / Үш мегаполис пен облыс басшылары әкім міндетін атқарушы болып қалды

Үш мегаполис пен облыс басшылары әкім міндетін атқарушы болып қалды

Әкімдер ауыса ма? Бүгіннен бастап үш мегаполис пен барлық аймақ басшысы әкім міндетін атқарушы болып қалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті қаулы шығарды. Бақыт Сұлтанов, Бауыржан Байбек, Ғабидола Әбдірахымов секілді мегаполис басшыларынан бастап, өңір жетекшілері түгел жаңа статуста. Айта кетейік, заң бойынша Президент ауысқан бетте әкімдерден бөлек, Президент әкімшілігінің жетекшісі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, "Сырбар" ішкі барлау қызметінің директоры, Мемлекеттік күзет қызметі жетекшісі және Жемқорлықпен күрес агенттігі төрағасы да отставкаға кетеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Сенат депутаттарының, әкімдер облыстық мәслихат депуттарының келісімімен тағайындалады. Бүгін сенаторлар Кәрім Мәсімовті қызметіне қайта сайлады. Ал Президент бекітетін Есеп комитеті, Орталық сайлау комитеті, Ұлттық банк, Бас прокуратура басшылары сайлаудан кейін өзгермейді. 

М. Дюсекина