Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Мамандар "Каспий" теңізіндегі лай судың қайдан келгенін анықтап жатыр

AstanaTV
12.06.2019ж. 20:00
2048
Мамандар "Каспий" теңізіндегі лай судың қайдан келгенін анықтап жатыр

Ақтауда "Каспий" теңізінің су тастайтын каналы тағы да көпшіліктің назарына ілікті. Теңізге құйылып жатқан лас суды жағажайындағы куәгерлер телефонға түсіріп алған. Қоңыр түске боялған судың қайдан келіп жатқанын экологтар мен «МаэкҚазАтомпром» серіктестігінің өндірістік қауіпсіздік департаменті мамандары анықтайтын болады. Нақ осы кәсіпорын тұщыту жабдығын салқындату үшін су алады екен. Сол суды кері ағызады. Бірақ кәсіпорындағылар мұндай лас төгінділер ешқашан болмағанын айтып отыр.  

Қолғанат ҚАРЖАУБАЙҰЛЫ, «МАЭККАЗАТОМПРОМ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ:

МАЭК-тен кетпегеніне біз толық кепілдік бере аламыз. Қазір біздің өндірістік қауіпсіздік жөніндегі департаменттің қызметкерлері кан.алдың бойын тексеріп жатыр. Ол судың қайдан келгенін табу үшін, оның нәтижесі белгілі болған соң тиісті органдарға хабар береміз.

Еске салайық, дәл осындай көрініс "Каспийде" 10- мамырда болған еді. Ол кезде «Юарана» серіктестігі кінәлі екені анықталған. Олар қоршаған ортаға 1,7 миллион теңге залал келтіріпті.

А. Төребекқызы